Zhanibekov university logo
Image

Физика

Кафедра Физика-математика
Image

Садық Болатбек Халдарұлы

      Садық Болатбек Халдарұлы, «Физика» кафедрасының аға оқытушысы

      Білімі жоғары. Педагогикалық жұмыс өтілі 31 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 28 жыл. 1990 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына оқуға қабылданып, 1995 жылы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Шымкент бөлімін «Физика» мамандығы бойынша үздік бітіріп шыққан. 1995 жылы ХҚТУ Шымкент бөліміне, «Физика» кафедрасына лаборант қызметіне жұмысқа қабылданған. 1995-2011 жылдар аралығында осы аталған оқу орынында лаборант, аға лаборант, оқу шебері, оқытушы, аға оқытушы, «физика-математика» факультеті деканының орынбасары қызметтерін атқарған. 2013 жылы «Жаратылыстану ғылымдары магистрі» академиялық дәрежесі берілген (ЖООК-М №0032935, тіркеу №2611 29.07.2013ж). Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан  педагогикалық университетінде бүгінгі күнге дейін «Физика» кафедрасының аға оқытушысы, «физика-математика» факультеті деканының орынбасары, бөлім басшысы қызметтерін атқарып келді. Бүгінгі күнде «Физика» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып, «Физиканың компьютерлік әдістері», «Мектеп физика экспериментінің техникасы», «Физикалық есептерді шығару практикумы», «Физикалық процесстерді оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану» пәндерінен дәріс сабақтарын, практикалық және лабораториялық сабақтар жүргізіп келеді.  5 оқу құралын, 7 оқу-әдістемелік құралды (авторлар құрамымен бірге) және 60-тан аса ғылыми-әдістемелік мақалалары аймақтық, республикалық және халықаралық басылымдарда жарыққа шыққан.  Олар студенттердің, магистранттардың және мектеп мұғалімдерінің педагогикалық және ғылыми ізденіс жұмыстарында пайдасын тигізуде. Тәлім алған шәкірттері Қазақстан Республикасының және Түркістан облысының аумағында ғылыми-педагогикалық қызмет саласында еңбек етуде. Болатбек Халдарұлы оқу орынының, факультеттің және кафедраның ғылыми-педагогикалық, қоғамдық, кәсіби-бағдар жұмыстарына белсене қатысады. Студенттердің ғылыми-жоба жұмыстарына үздіксіз жетекшілік жүргізіп келеді. Шәкірттері 2024 жылы Қазақстан Республикасының ЖОО студенттері арасында өткен ғылыми жобалар конкурсында бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленіп, жоғары жетістіктерге қол жеткізген.