Zhanibekov university logo
Image

Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері

Кафедра Өнер және білім
Image

Есенова Алина Нуркеновна

Мен, Есенова Алина Нуркеновна, 2002 жылғы 11 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келдім.

2008 жылы Шымкент қаласындағы Ж. Жабаев атындағы №26 мектеп-гимназиясына оқуға түсіп, бастауыш білім алдым.

2012 жылы үш тілде білім беретін мамандандырылған «Дарын» №2 мектеп-интернатына ауысып, оқуымды жалғастырдым.

2014 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы сыныбына оқуға түстім.

Кейін шығармашылық мамандықты таңдауымa байланысты Ж. Жабаев атындағы №26 мектеп-гимназиясына қайта ауысып, 2019 жылы мектепті аяқтадым.

2019 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне «Дизайн» мамандығы бойынша оқуға түстім.

2024 жылы университетті бакалавр дәрежесімен тәмамдадым. Сол жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасына оқуға түсіп, 2026 жылы магистр дәрежесін алдым.

Оқу кезеңінде және одан кейін үш жыл бойы дизайн саласында кәсіби қызмет атқардым.

Қазіргі уақытта Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде оқытушы болып қызмет атқарамын.