- Басты бет
- Кафедра туралы
- Кафедра мүшелері
- Бағдарламалар
- Оқу материалдары
- Ғылыми жобалар
- Кафедра құжаттары
- Жетістіктер
- Жарияланымдар
Саймбетова Жанар Туребековна кафедра меңгерушісі фил докторы (PhD)
САЙМБЕТОВА ЖАНАР ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ
Философия докторы (PhD), Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі
Білімі және ғылыми дәрежесі
2007–2011 жылдары С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша бакалавриатты, 2011–2012 жылдары «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады. 2013 жылы педагогикалық бейін магистрі біліктілігін алды.
2015–2018 жылдары аталған университетте «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша докторантурада білім алды. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 6D012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Ғылыми-педагогикалық қызметі
2013 жылдан бастап Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ғылыми-педагогикалық қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда Өнер және білім факультетінің Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми-педагогикалық қызметінің негізгі бағыттары кәсіптік және көркем еңбек білімінің теориясы мен әдістемесін жетілдіру, болашақ педагогтердің кәсіби және шығармашылық құзыреттіліктерін дамыту, цифрлық білім беру технологиялары мен жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне кіріктіру мәселелерін қамтиды.
Ғылыми-зерттеу және жарияланымдық қызметі
50-ге жуық ғылыми және ғылыми-әдістемелік жарияланымның авторы. Ғылыми еңбектері отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда, сондай-ақ республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың материалдар жинақтарында жарияланған.
Ғылыми зерттеулері педагогикалық білім берудің заманауи әдіснамалық негіздеріне, кәсіптік оқыту жүйесіндегі инновациялық тәсілдерге, көркем еңбек педагогтерін даярлаудың тиімді технологияларына және білім беру үдерісіндегі цифрлық трансформация мәселелеріне бағытталған.
Халықаралық ғылыми және академиялық қызметі
Халықаралық ғылыми-академиялық ынтымақтастық аясында шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми-білім беру ұйымдарының тәжірибесін зерделеуге, кәсіби біліктілікті арттыруға және академиялық тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шараларға қатысқан.
Ресей, Беларусь және Еуропа елдеріндегі ғылыми-білім беру тәжірибесімен танысып, халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми-әдістемелік семинарларға, біліктілікті арттыру курстарына, кәсіби даму бағдарламаларына қатысқан. Тиісті халықаралық және республикалық сертификаттардың иегері.
Кәсіби жетістіктері мен марапаттары
Жоғары білім беру саласына сіңірген еңбегі, ғылыми-педагогикалық қызметіндегі кәсіби жетістіктері және білікті мамандар даярлауға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен, университет ректорының Алғыс хатымен, сондай-ақ түрлі деңгейдегі алғыс хаттармен және марапаттармен наградталған.
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуетін дамытуға, республикалық пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобалар мен кәсіби байқауларға даярлауға жетекшілік етеді. Студенттердің ғылыми-шығармашылық бастамаларын қолдау және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізеді.