Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, доктор Т.В. Нагендра Прасад студенттерге дәріс оқыды
18 Ақпан 2025, 13:54
Медиа Орталық
Сапар барысында Елшілік өкілдері университеттің Басқарма мүшелерімен ресми кездесу өткізді. Кездесуде екі ел арасындағы, сондай-ақ, Үндістанның жоғары оқу орындары мен Қазақстан университеттері арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру, білім беру саласындағы бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру, профессор-оқытушылар мен білім алушылардың академиялық алмасуын ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жобалары бойынша серіктестік орнату мәселелері талқыланды. Елші доктор Т.В. Нагендра Прасад өз сөзінде Қазақстан мен Үндістан арасындағы білім беру саласындағы қарым-қатынастардың өзектілігін атап өтіп, екі ел арасында тәжірибе алмасудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырудың маңызды екендігін айтты.
Сонымен қатар, Елші университеттің білім алушыларына дипломатия және халықаралық қатынастар тақырыбында арнайы дәріс оқыды. Дәрісте жастардың мемлекетаралық байланыстарды нығайтудағы маңызы мен рөліне ерекше көңіл бөлінді. Елші мемлекеттердің халықаралық аренадағы бірлескен күш-жігерін арттыру, ортақ жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты дамыту қажеттілігін де арнайы атап өтіп, білім алушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Бұл кездесу екі ел арасындағы білім беру және ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, Жәнібеков университеті мен Үндістанның жоғары білім беру орындары арасындағы серіктестік байланыстарды тереңдетуге, профессор-оқытушылар мен білім алушылар үшін жаңа білім көкжиегін ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10