Практикаға алғашқы қадам: болашақ мамандардың тәжірибе алаңы
21 Қаңтар 2025, 18:16
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 1, 2 және 4 курс студенттері үшін өндірістік және педагогикалық практиканың ұйымдастыру конференциясы өтті. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың кәсіптік тәжірибе жинақтауындағы маңызды аспектілерді талқылап, олардың кәсіби дағдыларын шыңдауға мүмкіндік беретін практика бағдарламасымен таныстыру.
Конференция барысында студенттер практиканың мақсаты мен міндеттері, оның құрылымы, өткізілу тәртібі туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, практика жетекшілері, педагог және психолог әдіскерлерлер практиканы сәтті өткізуге арналған маңызды кеңестер мен ұсыныстар берді. Білім алушылар практика күнделігі мен есептік құжаттардың маңыздылығын түсінді.
Барлық білім беру бағдарламаларының 1 курс 1600 білім алушылары ұстаздық кәсібіне деген тұрақты қызығушылығы мен оң көзқарасын дамыту үшін оқу практикасынан өтетін болады. Биылғы оқу жылында 1700 жуық 2 курс студенттері психологиялық-педагогикалық практикаға академиялық кезеңмен қатар 15 аптаға жіберілді. Студенттер аптасына 2 күн теориялық оқумен қатар білім беру процесін ұйымдастырудағы психологиялық-педагогикалық қызмет пен сүйемелдеуді шынайы тануға мүмкіндік алып отыр.
Қазіргі таңда жалпы университет бойынша 1500-ден астам 4 курс білім алушылары нақты іс-әрекет жағдайында кәсіби лауазымын апробациялауға бағытталған педагогикалық практикадан өтеді. Орнықтыру конференциясы теориялық білім мен практикалық дағдыны ұштастыруға бағыт-бағдар беретін маңызды іс-шара екені анық. Ал, практика – бұл теориялық білімді іс жүзінде қолдану және кәсіби тәжірибені жетілдірудің басты қадамы.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10