ЖАСТАРҒА «ЖАЙЛЫ УНИВЕРСИТЕТ» ЖАСАҚТАЛУДА
16 Қаңтар 2025, 12:15
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева оқу ғимараттарын аралап, инфрақұрылым, материалды-техникалық база мен техникалық қауіпсіздік жұмыстарымен танысты.
Университеттің «Тұмар» ғаимаратында бүгінде «Өнер және білім», «Филология» факультеттері мен Жүсіпбек Аймауытов атындағы колледж студенттері дәріс алады. Жаңа оқу жылында болашақ маман иелеріне арнап 10 дана тігін машинасы, 3 автоматты бу үтігі, кесте тігетін автоматты машина сатып алынды. Ағаш пен металлды механикалық жолмен өңдеуге арналған дәнекерлеуші станоктар жеткілікті.
— Болашақта студенттермен өзін-өзі қамтамасыз ету бағытында көрме ұйымдастыратын жобаны жүзеге асырмақпыз. Онда қолөнер бұйымдары сатылады. Дизайн мамандығының студенттері 5 жыл оқиды. Жасалған жағдайдың арқасында бүгінде жастарымыз бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие болып отыр. Нақты дәлел келтірейін, 4-курстың өзінде болашақ дизайнерлеріміз 100 пайыз жұмыс істейді. Түске дейін сабақ оқыса, түстен кейін алған білімдерін жұмыс орнында тәжірибемен ұштастырып, екіншіден, отбасыларына қаржылай көмектесіп, оқу ақыларын өтей алады, - дейді факультет деканы Айдайқыз Байбатшаева. Ал, жаңадан көбейтіліп жатқан лэд-экрандар арқылы графикалық компьютерлік техника пәндері қызықты өтуде.
Басқарма төрағасы бұдан кейін университеттің әскери кафедра ғимаратындағы жаңа өзгерістермен танысты. Сала проректорлары мен декандарға, кафедра басшысына техникалық ережелерді қатаң сақтау, бос бөлмелерді оқытушылар игілігіне жарату сияқты бірқатар тапсырмалар берді.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10