ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛАР ҚҰРАМЫНА АРНАЛҒАН ҚЫСҚЫ МЕКТЕП СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ
9 Қаңтар 2025, 12:03
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ академиялық департаментінің ұйымдастыруымен «Әлемдік тәжірибе: Білім беру жүйесіндегі жаңа идеялар мен көзқарастар» тақырыбындағы қысқы мектеп аясында университет оқытушы-профессорлар құрамына арналған семинар басталды.
Семинардың мақсаты — «Болашақ» бағдарламасы аясында білім берудегі жаңа тенденциялар мен тұрақты дамуды зерттеу және білім беру жүйесінің маңызды бағыттары бойынша (ЖИ технологиялары мен инклюзивті білім беру) тәжірибе алмасу.
«Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өткен оқытушылар Қ.Коразбекова, Б.Шағраева, Н.Шертаева, А.Қосауова, Г.Сыздықова (Түркия елінің Ғази университеті), П.Абдуразова (Мюнхен қаласы, Германия елі), А.Жылысбаева (Ньюкасл-апон-Тайн қаласы,Ұлыбритания) өз зерттеу тақырыптарының аясында тәжірибе алмасуы университеттің білім беру сапасын жақсартуға, инновациялық әдістерді енгізуге және халықаралық стандарттарға жақындатуға үлес қосады.
Мұндай тәжірибе алмасу бірнеше бағыттарды шолуға мүмкіндік береді:
- шетелдік білім беру жүйесінің ерекшеліктері, инновациялық әдістемелер, зерттеу жұмыстарының жаңа тәсілдері туралы;
- оқытушылар шетелдік университеттерден алған тәжірибелерін пәнге бейімдеп,білім алушылардың білім алу үрдісін заманауи талаптарға сай етуге мүмкіндік беру туралы;
- халықаралық байланыстар орнатып, шетелдік әріптестерімен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді және ғылыми жобаларды жоспарлауға, ғылыми мақалалар жариялауға және халықаралық гранттар алуға ықпалы етуі туралы;.
- цифрлық құралдар мен платформаларды қолдану туралы;
- мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту - басқа елдердің мәдениеті мен білім беру дәстүрлерін түсініп, олардың үздік үлгілерін өз оқу ордамызда қолдану туралы.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10