EduCampShym оқу лагері Zhanibekov University-де жалғасуда!
Бүгін Шымкент қалалық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған «EduCampShym» оқу лагеріне қатысушылар Zhanibekov University-де болды.
Олар денешынықтыру және спорт факультетінің тыныс-тіршілігімен танысып, кәсіби мамандардан каратэ, күрес, баскетбол, футбол және ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақ секілді спорт түрлерінің негізгі әдіс-тәсілдерін үйренді
Денешынықтыру және спорт факультетінің деканы Өмірәлі Тұрысқұлов оқушыларға университеттен шыққан чемпиондар мен болашақ денешынықтыру пәні мұғалімі болудың маңызы мен жауапкершілігі туралы түсіндірді. Бұл шара балалардың дене дамуын нығайтып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттыра түсті.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында