Тарих және педагогика факультеті Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасы ұйымдастыруымен «Күз кереметі» тақырыбындағы білімгерлердің күзгі қолөнер байқауы өтті. Байқауға 6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының білімгерлері қатысып, бақ сынасты.
Әр топ қазылар алқасына қолөнер бұйымдарының жасалу жолын айтып, қорғап шықты. Басқарма мүшесі - Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек
төрайымдық еткен қазылар жеңімпаздарды анықтап, марапаттады.