Сурет пәні қалай өтілуі тиіс?
23 Желтоқсан 2024, 16:52
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ суретшілері Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған халықаралық семинар практикумға қатысты.
Семинар практикум бағдарламасында жоспарланған оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі болды. Жаңа оқыту әдістерінің нәтижелерін жариялайтын баяндамалар тыңдалып, инновациялық мәні бар, оқытудағы трендтік мәселелерді шешуге арналған шеберлік сыныптар мазмұны көпшілік назарына ұсынылды. Әбілхан Қастеевтің шығармаларынан көшірме жасау және оқушылардың шығармашылық жұмыстарының конкурсы өтті.
Заманауи проблемаларға арналған Халықаралық семинар-практикумның үш ерекшелігі болды: Әбілхан Қастеев — Қазақстан Республикасының тұңғыш суретшісі, Ұлттық бейнелеу өнерінің негізін қалаушы, жас таланттарға жол көрсеткен тұлға, еліміздің бейнелеу өнерінің дамуына жол ашқан суретші ұстаздардың атасы ретінде насихатталды. Суретшінің көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру, жеке тұлғаны дамытудағы орны анықталды. Сондай-ақ, онлайн форматта баяндама жасаған ғалымдардың сөзі мен бейнесін көру мен пікірлесуге аса үлкен өлшемде визуалды ақпарат беретін лэд экран қолданылды.
Семинарға онлайн форматта қатынасушылар географиясы Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан көлемін қамтыды. Офлайн семинарға қатысушылар көркем еңбек пен бейнелеу өнері мұғалімдері оқытудың заманауи озық әдістеріне талдау жасады. Көркем еңбек пен бейнелеу өнері педагогтарының халықаралық кеңістікті қамтыған жиын болуымен ерекшеленді. Нәтижесінде жеңімпаз оқушылар мен жетекшілері марапатталды. Ұстаздар педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Ералиннің зерттеу нәтижелері болып табылатын фрейм технологиясымен, өнер шығармаларын нарратологиялық талдау әдістерімен танысты, философия докторы PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Жанар Небесаеваның көркем еңбек сабақтарындағы инновациялық оқыту әдістерін қолдану нәтижелері туралы зерттеу қорытындысы тыңдалды.
Семинар практикумды ұйымдастырудың инцициаторлары болған Шымкент қалалық білім басқармасының әдістемелік орталығының басшысы Бикен Омароваға, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі Талғат Бүркітбаевқа, философия докторы PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Жанар Небесаеваға және Шымкент қ., №39 М. Жұмабаев атындағы ЖОББМ көркем еңбек пәні мұғалімі, ҚР “TURAN” дизайнерлер одағының президенті Мираш Тастеміроваға қатысушылар алғыс білдірді.
Осыған ұқсас
UPGRADE КӘСІБИ КУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
16 Маусым 2026, 16:18
«EDUCAMPSHYM» 10 КҮНДІК ОҚУ ЛАГЕРІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
10 Маусым 2026, 16:21
КЕЗЕКТІ АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10 Маусым 2026, 15:24
Хабарлама. 09.06.2026
9 Маусым 2026, 16:20
ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ «ӘЛЕМ, АБАЙ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
5 Маусым 2026, 15:50
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ БРИФИНГ ӨТТІ
5 Маусым 2026, 12:34
«Өзбекәлі Жәнібеков — мәдениет майталманы» эссе байқауына қатысушылар марапатталды
4 Маусым 2026, 15:39
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ
4 Маусым 2026, 14:36
«ӨМІРІ ӨНЕГЕ ҰСТАЗ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
29 Мамыр 2026, 15:10
«РӘМІЗДЕР РУХЫ, АТА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ — МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
26 Мамыр 2026, 16:17