БАЛАБАҚША БҮЛДІРШІНДЕРІНІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТТЕЛЛЕКТІСІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Мектепке дейінгі білім беру процесіндегі заманауи тенденциялар» атты республикалық ғылыми семинардың кезекті екінші отырысы өткізілді. Семинарды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогика кафедрасы ұйымдастырды.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы PhD Сәуле Еркебаева «Мектепке дейінгі жастағы балалардың эмоциясы мен эмоционалдық интеллектісі» атты тақырыпта баяндамасын ұсынды. Ол мектепке дейінгі жастағы балалардың эмоциясы мен эмоционалдық интеллектісінің дұрыс дамуы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екенін атай келе, балалардың түрлі гаджеттерді жиі қолдануы олардың эмоционалдық дағдыларының дұрыс қалыптасуына кері әсерінің бары, компьютерлік ойындар мен жаңалықтар балаларды зорлық пен зомбылыққа үйретіп жатқаны алаңдататын мәселе екеніне тоқталды.
Алекситимия бұл өз эмоцияларын түсіну мен анықтаудағы қиындық балаларда психосоматикалық аурулардың пайда болу қаупін тудыратынын атады. Жоғары дамыған эмоционалды интеллектісі бар балаларды тәрбиелеуде ата-ананың рөлі ерекше екенін атай келе Сәуле Жомартқызы «Анамның дауысы» атты жобаны талқылауға ұсынды. Жобаның өзектілігі, мақсаты, міндеті, жүргізілу барысы және нәтижесі бойынша мәліметтер берді. Жоба бойынша ертегілер құрамына қазақ ертегілерін енгізу, QR кодты пайдаланып ертегіні тыңдауды да баланың балабақшаға дұрыс бейімделуіне бағыттау керектігі туралы ұсыныстар айтылды. ЖОО арасында бірлескен жобалар жасау ұсынылды.
Республикалық ғылыми семинарға Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің доценті, п.ғ.к. А. Жұбандықова, М.Әуезов ОҚУ, PhD, аға оқытушысы Ж. Жияшева, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, п.ғ.к. Р..Керімбаева, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, PhD., аға оқытушы С.Еркебаева, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, п.ғ.к. аға оқытушы Р.Исманова, ф.ғ.к. аға оқытушы Г.Танабаева, PhD, аға оқытушы Ж.Мамытбаева, ф.ғ.к., доцент З.Керімбаева, п.ғ.к. А.Алдияров, ф.ғ.к Ф.Аймұрзаев, А .Сұлтанбекова және магистранттар қатысты.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында