ШЕТЕЛДІК ЖОО ДОКТОРАНТТАРЫ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН АЙНАЛЫСТЫ
17 Желтоқсан 2024, 12:59
Медиа Орталық
Жоғары білім мен ғылымның жаһандануы жағдайында бүгінде Жәнібеков университетінің халықаралық білім кеңістігіндегі орны айшықталып, позициясы нығайып келеді. Соңғы жылдары білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында алмасу географиясы кеңейіп, шетелден шақырылатын визитинг-профессорлардың да қатары артты. Ағымдағы семестрдің өзінде университетте дәріс-семинарлар жүргізген, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асырып, қонақ дәрістер оқыған шетелдік профессорлардың саны 25-ке жетті.
Аталған бағыттармен қатар, енді алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарының докторанттары ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, тәжірибе жинақтауға Жәнібеков университетін таңдауда.
Атап айтсақ, ағымдағы семестрде докторанттың диссертациялық ғылыми-зерттеу жұмысы аясында Малайзиядағы Путра университетінің (QS-2025, 148) докторанты Мазнун Арифа Бинти Мохаммадан Махтар «Blockchain-based model in e-book publishing» тақырыбы аясында Информатика кафедрасында зерттеу жұмыстарын жүргізсе, Чехиядағы Карлов университетінің (QS-2025, 246) докторанты Руслан Джабаев «The Role of Karate in PE Lessons in Enchancing the Motivation for Physical Activity in Children Aged 8-9 Years in Kazakhstan» тақырыбы бойынша Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасында тәжірибе алмасты.
Шетелдік докторанттар бағдарлама кезеңінде университетте өткен ғылыми семинарларға белсенді қатысып, өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Зерттеу мәселелері аясында университеттің ғалым-профессорларымен өзара пікір алмасып, тәжірибе мен білімдерді бірлесе пайдалануға келісті.
Шетелдік жас ғалымдармен өзара коллаборация университеттегі жас ғалымдардың халықаралық ғылым кеңістігіне шығуына, сол арқылы университеттің ғылыми әлеуетін көтеруге, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға, жаңа зерттеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыруға жол ашады.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10