ТӨЛЕБАЙТӨБЕ ҚОРЫМЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕ ТЫҢДАЛДЫ
26 Қараша 2024, 18:25
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің археология орталығының жетекшісі т.ғ.д., профессор Александр Подушкин және орталықтың ғылыми қызметкері Гүлмира Стамқұлова Санкт-Петербург (Ресей Федерациясы) қаласында іссапарда болды.
Конференция Мемлекеттік Эрмитаж музейінде және Ресей Ғылым академиясының Материалдық мәдениет тарихы институтында, ашылу салтанаты Мемлекеттік Эрмитаж театрының залында өтті. Пленарлық отырыста «Төлебайтөбе V қорымының 3 катакомбасының археологиялық кешені Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағындағы шығыс-батыс байланысының көрсеткіші ретінде» тақырыбындағы баяндама тыңдалды. Баяндамада Түркістан облысы, Ордабасы ауданында әлі күнге дейін зерттеліп келе жатқан Төлебайтөбе обалы қорымдарынан табылған жәдігерлер туралы ақпарат берілді.
Конференция бірнеше секция бойынша үш залда өтті (Мемлекеттік Эрмитаждың мәжіліс залы, Мемлекеттік Эрмитаждың Кеңес залы және Ресей Федерациясының Материалдық мәдениет тарихы институтындағы). Барлық конференция мүшелерінің жеке қатысу және онлайн форматтағы жалпы саны 92 баяндама тыңдалды. Секциялық отырыстар соңында әрбір баяндама бойынша пікірталастар, талқылаулар мен сұрақ жауаптарға ұласып, халықаралық конференцияның жоғары ғылыми деңгейі мен мәртебесін көрсетті.
Барлық кездесулерде Ресей Федерациясының өңірлерінен және түрлі елдерден жүзден астам қатысушы сөз сөйледі. Атап айтқанда, шетелдік зерттеушілер Түркия, Германия, АҚШ, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Жапония, Түрікменстан, Ұлыбритания, Австрия, Канада, Италия, Әзірбайжан және Қазақстан. Халықаралық жиын барысында конференция материалдарының баспа жинағы басылып шығарылып, қатысушыларға берілді. Жинаққа А.Подушкин мен Г.Стамқұлованың баяндамасы мен иллюстрациялық материалдары жарияланды.
Осыған ұқсас
UPGRADE КӘСІБИ КУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
16 Маусым 2026, 16:18
«EDUCAMPSHYM» 10 КҮНДІК ОҚУ ЛАГЕРІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
10 Маусым 2026, 16:21
КЕЗЕКТІ АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10 Маусым 2026, 15:24
Хабарлама. 09.06.2026
9 Маусым 2026, 16:20
ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ «ӘЛЕМ, АБАЙ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
5 Маусым 2026, 15:50
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ БРИФИНГ ӨТТІ
5 Маусым 2026, 12:34
«Өзбекәлі Жәнібеков — мәдениет майталманы» эссе байқауына қатысушылар марапатталды
4 Маусым 2026, 15:39
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ
4 Маусым 2026, 14:36
«ӨМІРІ ӨНЕГЕ ҰСТАЗ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
29 Мамыр 2026, 15:10
«РӘМІЗДЕР РУХЫ, АТА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ — МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
26 Мамыр 2026, 16:17