М.В. ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК (АРКТИКАЛЫҚ) ФЕДЕРАЛДЫ УНИВЕРСИТЕТПЕН ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢІСТІГІ ҰЛҒАЯДЫ
26 Қараша 2024, 18:01
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ М.В. Ломоносов атындағы САФУ-мен (Ресей) 2021 жылдан бері «Орыс тілі мен әдебиеті педагогын даярлау» магистрлік бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бүгінде бағдарламаның түлектері екі жоғары оқу орны тарапынан берілген қос бірдей дипломмен еңбек нарығында жоғары бәсекеге қабілеттілікке ие бола отырып, 100% жұмыспен қамтылған.
Енді аталған ынтымақтастық бағытының кеңістігі ұлғаяды. Бұл туралы бүгін Жәнібеков университетінің басқармасы мен САФУ өкілдері арасында өткен ресми кездесуде талқыланды. Ресейлік ЖОО өкілдерінің жұмыс сапары аясында өткен ресми басқосуда қос дипломды білім беру бағдарламаларын «Аударма ісі» және «Информатика педагогін даярлау» білім беру бағдарламалары шеңберінде де жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Бұл ретте отандық білім беру бағдарламаларын сәйкесінше «Инновациялық аударма» және «Цифрлық білім беру» бағдарламаларымен коллаборациялаудың мүмкіндіктері сараланды.
Серіктес ЖОО-мен бірлесіп қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың қалыптасқан механизмі мен жинақталған тәжірибесі алдағы жоспарларды жүзеге асыруда нәтижелі үлгі қызметін атқарады. Оған қоса, ағымдағы бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуы қос дипломды білім беру бағдарламаларының қатарын арттыруға серпіліс береді.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10