Zhanibekov university logo

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЁТЕ-ИНСТИТУТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

22 Қараша 2024, 17:44
Медиа Орталық


Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Қазақстандағы Гёте-Институттың өкілдері қонақта болды. Институт директорының орынбасары, Тіл бөлімінің басшысы Марек Грыглевич пен Тіл бөлімінің қызметкері, «Тіл орталықтары» және DaF-Zentral жобаларының үйлестірушісі Нелли Неффті университеттің Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Баршагүл Исабек қабылдады.

Гёте-Институт – әлемнің 90-нан астам елінде құрылған Германияның халықаралық мәдени орталығы. Қазақстанда 1994 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан орталықтың қызметі неміс тілін оқыту курстарын ұсынуға, халықаралық деңгейде танылатын тіл емтихандарын өткізуге, мәдени жобалар мен білім бағдарламаларын жүзеге асыруға, оқытушылар мен білім алушыларға семинарлар, вебинарлар және білім беру жобаларын ұйымдастыруға, Германия мәдениеті, ғылымы және өнері туралы ақпарат беретін ашық ресурстарды ұсынуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Институт өкілдері алдымен университет кампусымен, материалдық-техникалық базасымен, Өзбекәлі Жәнібеков орталығымен, Ә. Дербісәлі атындағы ғылыми кітапханамен танысты. Әрі қарай жалғасқан ресми басқосуда Гёте-Институттың мамандары өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

Неміс тілі оқытушыларына арналған білім жетілдіру курстарын ұйымдастыру, ашық онлайн қауымдастықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, неміс тілі орталығын құру және оны әдістемелік-материалдық қамтамасыз ету, институттың түрлі жобалары мен еріктілер қозғалысына білім алушыларды қатыстыру бойынша мәселелер кеңінен талқыланып, бірлескен жұмыстар бойынша бірқатар жоспарлар түзілді.

Осыған ұқсас

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

18 Тамыз 2026, 13:30
Хабарландыру 17.08.2026

Хабарландыру 17.08.2026

17 Тамыз 2026, 19:08
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

14 Тамыз 2026, 13:32
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

11 Тамыз 2026, 13:34
ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 Тамыз 2026, 13:36
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

7 Тамыз 2026, 13:38
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

6 Тамыз 2026, 13:41
ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

6 Тамыз 2026, 11:42
Хабарландыру 05.08.2026

Хабарландыру 05.08.2026

5 Тамыз 2026, 21:38
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

4 Тамыз 2026, 13:43