РЕКТОРМЕН БІР САҒАТ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ
Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева студенттермен
кездесті. Шараның мақсаты — білімгерлермен ашық байланыс орнату, олардың
мәселесін тыңдау және білікті тарихшы ретінде кәсіби бағдар беруге арналды.
Кездесуді ұйымдастырған тарих және
педагогика факультетінің студенттері Гүлжан Дәулетбекқызының өмірбаяны мен
қызметіне байланысты биографиялық видеороликті назарға ұсынды. Ректор бұдан
кейін тарих мамандығын не үшін таңдағаны, университетте оқу сапасы мен
тәрбиені, жастарға жағдай жасауды жақсарту жөніндегі стратегиялық жоспарларын
бөлісті. Студенттердің сұранысымен археологиялық қазба жұмыстары кезінде орын
алған қызықты естеліктерін әңгімелеп, оқу орнында өткен жастық шағына ойша
саяхат жасады.
— Қазақ өзі табиғатынан ағартушы, дана
халық. Қазір педагог мамандығының мәртебесі артты. Білсеңіздер, біздің
университет өңірде тұңғыш құрылған оқу орны. Сондықтан, біз әрдайым барлық
жағынан бірінші орында болуымыз қажет, —деп студенттерді серпілтті. Болашақ тарихшыларға
«100 жыл өтпей жатып тарихи оқиғаға баға беруге болмайды» деген кәсіби кеңес
берді. Сұрақтар қойып, естелікке суретке түскен жастар «Жақсымен өткізген жарты
сағат, жаманның өтіп кеткен ғұмырындай» деп, кездесуден алған әсерлерін жасыра
алмады.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында