«ЖАЗҒЫ МЕКТЕП — 2025»: ІІ күн.
«Жазғы мектептің» бүгінгі практикалық
бөлімі «Педагогикалық практиканың мазмұнын жаңғырту» тақырыбына арналды.
Іс-шара барысында болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға
бағытталған жаңа әдістемелер мен тиімді жобалау тәсілдері қарастырылды.
Қатысушылар педагогикалық практиканың мазмұны, оқу нәтижелері және бағалау
критерийлерін жетілдіру бойынша өзара тәжірибе алмасты.
Арнайы педагогика кафедрасы
ұйымдастырған дөңгелек үстелге педагогикалық практика базаларынан бірнеше
мамандар қатысты. Олар Қосалқы мектептің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары
Майра Байдуанова, №28 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі Гүлнұр Амантаева,
Ш.Уәлиханов атындағы №18 ЖББОМ логопед-дефектологі Бибінұр Пазылбаева, «Асыл
Мирас» аутизм орталығының әдіскері Сабина Омарова, «Сөйле» логопедиялық
орталығының негізін қалаушы, дефектолог-логопед Айман Таласбек. Іс-шарада практика
барысында ынтымақтастықта жұмыс жасаудың, студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізудің және академиялық кезеңмен қатар педагогикалық практиканы
ұйымдастырудың мүмкіндіктері талқыланды.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
педагогикасы кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы кәсіптік практика
базаларын іріктеу, практика бағдарламаларын жаңарту және бейімдеу бағытында
жұмыстар атқарды. Іс-шарада студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға
арналған психологиялық қолдау әдістері мен рефлексиялық тәжірибе құралдары
Психология кафедрасы тарапынан ұсынылып, тәжірибе алмасу жүзеге асты.Шетел
тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары педагогикалық практиканы
жетілдіруге бағытталған заманауи әдістермен бөлісті. Іс-шара барысында олар шет
тілін оқытудағы тиімді практикалар мен бағалау стратегияларын ұсынды.
Педагогика кафедрасының ұжымы
педагогикалық практика барысында білім алушылардың әлеуметтік қолдау көрсету,
әлеуметтік диагностика мен реабилитация жұмыстарын жүргізу. Аталған идеялар мен
тәжірибелер алдағы оқу процесінде тиімді қолданыс табатынына үміттеміз.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында