Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Әбсаттар Дербісәлі атындағы ғылыми кітапханасымен таныс болыңыз!
Ғылыми кітапхана университеттің оқу үрдісін және ғылыми зерттеулерін құжаттармен және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ететін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2023-2024 оқу жылына оқырмандардың саны – 7500, келушілер саны – 56000, кітаптың берілу саны - 67000.
Білім алушылардың оқу процесін және ғылыми зерттеулерін қамтамасыз ету үшін кітапхананың алты оқу залы және абонементі оқырмандарға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетеді. 2023-2024 оқу жылында оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің жалпы кітапхана қоры 466 804 дананы құрайды, оның ішінде әдебиет түрлері бойынша: оқу әдебиеті 287 010 (61,2%), оқу-әдістемелік әдебиет 67 250 (14,6%) және ғылыми әдебиет 112 544 (24,3%).
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында