«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген мәжілісі өтті
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген мәжілісі өтті.
Республикалық шара университет ұжымы мен студенттерінің оқу-әдістемелік және ғылыми еңбектер көрмесімен ашылды. Бүгінде оқу орны болашақ педагогтарды ұлттық код контексінде даярлауды білім берудің басты бағыты етіп, жүзеге асыруда. Мәжілістің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қатысушыларға осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.
Кеңес мәжілісінде ҚР ҒжБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бану Нарбекова педагогикалық білім беруді дамыту мен мәслелері туралы баяндама жасады. Педагогикалық бағыттағы 30жаңа инновациялық білім беру бағдарламасын пилоттық енгізудің нәтижелері айтылды. Сондай-ақ, білім синергиясы, педагогтардың білімін бағалау бойынша талдаулар мен қорытындылар жасалынды. Инклюзивті білім берудің жаңа моделі ұсынылып, орта білімді жаңғырту жобасын іске асыру бойынша жол картасы көрсетілді.
ҚР ҒжБМ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға еліміздегі педагогикалық бағыттағы барлық ЖОО мен стейкхолдерлер қатысты. Қонақтар мәжілістен кейін университеттің инфрақұрылымымен танысып, талапқа сай арнайы жабдықталған кабинеттерді аралап көрді.
Фото Береке Сейітжаппар
Осыған ұқсас
ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Хабарландыру 17.08.2026
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ
Хабарландыру 05.08.2026