ОҚУШЫЛАР РОБОТТАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ МЕН БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНДІ
Оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу бағытында ұйымдастырылған лагерь бүгін Zhanibekov University-де жалғасуда.
Бүгінгі шарада жас өрендер назарына университеттің физика-математика факультетінің әлеуеті мен жетістіктері, құрылымы таныстырылды. Оқу орнымыз туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Факультет деканы Альмира Ибашова мамандықтың қыр-сырына тоқталып, бүгінде физика, информатика, математика пәндеріне қатысты салалардың маңызын, оның ішінде компьютер бағдарламашысы, ЖИ, ITI мамандары сұранысқа ие екенін түсіндіріп, кәсіби бағыттады.
Университет Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек оқу орнында студенттерге берілетін грант, жеңілдіктер туралы түсіндірді. Бүгінде университетімізде мемлекеттік гранттан бөлек, Шымкент қаласының әкімдігі берген тегін оқу мүмкіндігі арқылы 100-ден астам студент білім алуда. Әлеуметтік ерекшелігі бар талапкерлер мен шетелдік қандастарға да жеңілдіктер жетерлік.
Оқушылар үшін ең қызықты сәт робототехника бойынша өткізілген шеберлік сабақтары болды. Олар роботтарды құрастыру және бағдарламалау негіздерін үйренді. Факультетке қарасты қызықты зертханалар таныстырылды. Zhanibekov University-де жазғы оқу лагері 10 күндік үш ауысым аясында 30 күнге дейін жалғасады.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында