Zhanibekov university logo

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де “ЖАЗҒЫ МЕКТЕП” БАСТАЛДЫ

17 Маусым 2025, 15:08
Медиа Орталық


Университетімізде Академиялық істер департаментінің жетекшілігімен «Жазғы мектеп-2025» аясында «Құзыреттілікке негізделген білім беру және ғылыми зерттеулер» тақырыбындағы оқыту семинары басталды.

Семинардың алғашқы күні Академиялық артықшылық және коммерциализация орталығының басшысы Руслан Бәріқұлов «Әдебиеттерге шолу және библиометрия түсінігі» тақырыбындағы өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарда ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудегі бастапқы әрі шешуші кезеңдердің бірі болатын әдебиеттерге жүйелі талдау жасау үдерісіне және заманауи библиометриялық әдістердің мәні туралы қарастырылды. Әдеби шолудың құрылымы мен түрлері, шолу жазудың әдістемелік қадамдары және дереккөздерді таңдауда қойылатын талаптар кеңінен қарастырылды.

Сонымен қатар, библиометрия — ғылым саласындағы жарияланымдарды сандық тұрғыдан талдаудың тәсілі ретінде сипатталды. Мұнда дәйексөз келтіру жиілігі, импакт-фактор, Хирш индексі сынды көрсеткіштердің мазмұны мен оларды талдаудың жолдары түсіндірілді. Библиометриялық көрсеткіштер ғылыми еңбектің сапасы мен әсерін бағалауда, зерттеушінің ғылыми белсенділігін анықтауда және ғылымның дамуын бақылауда кеңінен қолданылады.

Айтылған мағлұматтар жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар үшін зерттеу жұмысын бастауға әдістемелік негіз ұсынуға бағытталған. Сонымен қатар, ғылыми басылымдармен жұмыс жасау, заманауи дерекқорларды пайдалану, және библиометриялық құралдар арқылы ғылыми нәтижелерді талдау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Семинар мазмұнының нәтижесі зерттеу мәдениетін жетілдіруге, ғылыми сауаттылықты арттыруға және сапалы ғылыми еңбек жазуға септігін тигізеді.

 

Осыған ұқсас

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

18 Тамыз 2026, 13:30
Хабарландыру 17.08.2026

Хабарландыру 17.08.2026

17 Тамыз 2026, 19:08
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

14 Тамыз 2026, 13:32
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

11 Тамыз 2026, 13:34
ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 Тамыз 2026, 13:36
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

7 Тамыз 2026, 13:38
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

6 Тамыз 2026, 13:41
ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

6 Тамыз 2026, 11:42
Хабарландыру 05.08.2026

Хабарландыру 05.08.2026

5 Тамыз 2026, 21:38
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

4 Тамыз 2026, 13:43