Zhanibekov university logo

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ГЕ QS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТІК АГЕНТТІГІНІҢ ӨҢІРЛІК ДИРЕКТОРЫ РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛДІ

21 Мамыр 2025, 11:02
Медиа Орталық


Zhanibekov University-не QS Quacquarelli Symonds халықаралық рейтингтік агенттігінің Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша өңірлік директоры Сергей Владимирович Христолюбов ресми сапармен келді. Кездесу барысында Zhanibekov University-дің халықаралық рейтингтерге, соның ішінде QS World University Rankings және QS Asia University Rankings жүйелеріне қатысу перспективалары талқыланды.

Сергей Владимирович QS рейтингтер жүйесін, университеттерді бағалау критерийлерін, деректерді ұсыну талаптарын жан-жақты таныстырып, академиялық беделді арттыру, ғылыми белсенділік пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша нақты ұсынымдар берді. Сонымен қатар, деректердің дұрыстығы, репутациялық сауалнамалар және университет туралы ақпараттың халықаралық платформалардағы сәйкестігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков баяндама жасап, Zhanibekov University-дің ғылыми көрсеткіштерін таныстырды. QS өкілімен бірге университеттің ғылыми әлеуетіне баға беріліп, оның халықаралық рейтингтер контекстіндегі даму мүмкіндіктері қарастырылды. Кездесудің екінші бөлігінде қатысушылар QS әдістемесі, репутациялық сауалнамалар жүргізу тәртібі және деректерді ұсыну механизмдері бойынша практикалық сұрақтар қойды. Әңгіме мазмұнды әрі ашық форматта өтті.

Іс-шараға университеттің проректорлары, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, сондай-ақ стратегиялық даму, халықаралық байланыстар, ғылыми қызмет және ақпараттық қолдау саласына жауапты мамандар қатысты. QS өкілінің сапары Zhanibekov University-дің халықаралық стратегиясын дамытудың маңызды кезеңіне айналып, университеттің жаһандық білім кеңістігіндегі орны мен беделін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың іргетасын қалады.

 

Осыған ұқсас

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

18 Тамыз 2026, 13:30
Хабарландыру 17.08.2026

Хабарландыру 17.08.2026

17 Тамыз 2026, 19:08
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

14 Тамыз 2026, 13:32
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

11 Тамыз 2026, 13:34
ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 Тамыз 2026, 13:36
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

7 Тамыз 2026, 13:38
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

6 Тамыз 2026, 13:41
ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

6 Тамыз 2026, 11:42
Хабарландыру 05.08.2026

Хабарландыру 05.08.2026

5 Тамыз 2026, 21:38
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

4 Тамыз 2026, 13:43