ЖАС ТҮЛЕК — 2025: СТУДЕНТТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫС ЕТІЛДІ
Биыл Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін 1940 түлек аяқтап, үлкен өмірге қадам басты. Бұл – тек бір оқу орнының емес, тұтас өңір болашағы үшін маңызды тарихи сәт.
Салтанатты кеш қаладағы «Достық үйінде» ерекше атмосферада өтті. Білім ордасын бітіріп жатқан жастардың қуанышына ата-аналар, ұстаздар мен қала тұрғындары ортақтасты. Биылғы түлектер ішінде 136 студент үздік диплом иегері. Олар – білімде де, қоғамдық өмірде де белсенділік танытқан, университет мақтанышына айналған жастар.
Кеш барысында Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева бітіруші түлектерді құттықтап, "Бүгін – сіздер үшін тарихи күн. Бұл – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, ұстаздарыңыздың, ата-аналарыңыздың үмітінің жемісі. Туған елге адал қызмет етіп, алған білімдеріңізді ел игілігіне жарата беріңіздер", – деді.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ – еліміздің педагогикалық білім беру саласында беделді оқу орны. Жыл сайын бұл шаңырақтан мыңдаған жас маман түлеп ұшып, түрлі салада табысты еңбек етуде. Университетіміз жақында ғана Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі (IQAA) «Қазақстанның жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының 2025 жылғы ұлттық рейтингі» нәтижесінде педагогикалық жоғары оқу орындары арасында 2-орынды иеленген еді.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында