ҒАЛЫМДАРЫМЫЗ "БОЛАШАҚ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Шетелде кадр даярлау жөніндегі
республикалық комиссия отырысының шешіміне сәйкес, ғылыми тағылымдамалар санаты
бойынша "Болашақ" стипендиясының иегерлері анықталды. Олардың
қатарында университетіміздің 3 ғалымы бар:
Физика-математика факультетінің деканы,
PhD Уәлиханова Баян Сапарбекқызы, University College London, Англия. Лондон
университетінің колледжі жоғары оқу орындарының әлемдік QS WUR рейтингінде
9-орында, QS WUR By Subject: Education and Training бағыты бойынша 1-орындағы
көшбасшы білім ордасы. Баян Сапарбекқызы аталмыш университетте он ай көлемінде
биотехнология және биоинформатика салалары бойынша "Дәрілік препараттарды
жобалау мен дайындауда кванттық есептеулерді қолдану" тақырыбында ғылыми
зерттеулермен айналысатын болады.
Ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы, PhD
Рамбердиева Ғайша Сыралханқызы, University of Sussex, Англия. Сассекс
университеті жоғары оқу орындарының әлемдік QS WUR рейтингінде 278-орында, QS
World University Rankings by Subject: English Language and Literature бағыты
бойынша 79-орында. Ғайша Сыралханқызы аталмыш университетте бір жыл бойы
«Қазіргі дискурстағы вербалды және визуалды элементтердің өзара әрекеттесуінің
лингвомәдени және прагматикалық аспектілері» тақырыбында ғылыми зерттеулермен
айналысатын болады.
Аударма ісі және шетел тілдері
кафедрасының аға оқытушысы Қарабаева Лаура Қошқарбекқызы, Michigan State
University, АҚШ. Мичиган мемлекеттік университеті әлемдік QS WUR рейтингінде
161-орында, QS WUR By Subject: Education and Training бағыты бойынша 18-орында.
Лаура Қошқарбекқызы аталмыш университетте төрт ай бойы «Білім берудегі
зерттеулер саласында кәсіби, академиялық және зерттеу дағдыларын дамыту»
тақырыбы бойынша зерттеулермен айналысатын болады.
Халықаралық рейтингтердегі көшбасшы оқу
орындарында тәжірибе алмасу ғылыми тағылымдаманың сапасын арттырып, нәтиже
жетілдірмек.
Бүгінгі күнге дейін университетіміздің
24 ғалымы "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанып, әлемнің
жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өткен
болатын. Осылайша биыл бұл тізімнің қатары тағы үш ғалыммен толығып отыр.
Ғалымдарымызды құттықтай отырып,
сәттілік тілейміз!
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында