ШЕТЕЛДІК ЖАСТАРДЫ УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ ОҚУҒА ШАҚЫРДЫ
12 Мамыр 2025, 19:08
Медиа Орталық
Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы, Зарафшан қаласында Қазақстандағы жоғары оқу орындарының қатысуымен білім көрмесі өтті. «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен өткен ауқымды шара Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен білім саласындағы әріптестікті нығайту мақсатында қазақ диаспорасы өкілдеріне арналды.
Көрмеге Қазақстанның беделді 10 университеті қатысты. Ал, шетелдік жастарға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-ды маркетинг бөлімінің басшысы Арман Қылышбаев таныстырды. Ол болашақ педагог болғысы келетін талапкерлерге университет жайлы жан-жақты ақпарат беріп, кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді. Шетелдік қандастарға оқуға түсу барысында қандай жеңілдіктер жасалатынын түсіндірді.
Бүгінде университетімізде шетелдік қазақ жастарына оқу үшін жатақхана, тағы басқа көптеген жағдайлар қарастырылған. Талапкерлер тест тапсырмай-ақ, сұхбаттасу кезеңі арқылы да оқуға қабылдана алады.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10