ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ ҚЫТАЙ ТІЛІ ОҚЫТЫЛАДЫ
Zhanibekov University мен Қытайдың Xi’an International Studies University
арасында қос дипломдық білім беру бағдарламасы туралы келісімге қол қойылды. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 30 тамыз – 3 қыркүйек
аралығында Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары аясында екі ел
университеттері арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылған еді.
Осыған сәйкес, Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің алаңында Zhanibekov
University мен Xi’an International Studies University арасында қос дипломды
білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы
маңызды құжат ресімделді. Іс-шараға Қазақстан
Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Zhanibekov
University Басқарма төрағасы-ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев, Ғылыми
жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков қатысты.
Келісім аясында 2026 жылы 6В02303 – Филология (қазақ және қытай тілдері)
мамандығы бойынша бакалавриаттың қосдипломдық білім беру бағдарламасы іске
қосылады. Бұл студенттерге:
- Қазақстан мен Қытайдың жетекші
университеттерінде оқу мүмкіндігін;
- Екі диплом алуды;
- Қазақ және қытай тілдерін кәсіби
деңгейде меңгеруді;
- Халықаралық деңгейде бәсекеге
қабілетті маман болуды қамтамасыз етеді
Алғаш рет жасалған бұл келісім – Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылым және
жоғары білім саласындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды қадамы.
Осыған ұқсас
ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Хабарландыру 17.08.2026
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ
Хабарландыру 05.08.2026