Zhanibekov university logo

МАЛАЙЗИЯДАН КЕЛГЕН ҚОНАҚТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

5 Қыркүйек 2025, 16:11
Медиа Орталық


Бүгін Zhanibekov University-де Басқарма мүшесі - Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков Малайзия халықаралық мәдени коммуникация орталығының (ICCCM) басқарушы директорының орынбасары Бенджамин Леонгпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бенджамин мырза ICCCM қызметі мен жүзеге асырып жатқан жобаларын таныстырып, ұйымның миссиясы мен тәжірибесімен бөлісті. Бенджамин Леонг ICCCM Қытай Білім министрлігімен тығыз байланыста жұмыс істейтінін және түрлі елдердің жоғары оқу орындары арасында мәдени-академиялық көпір рөлін атқаратынын атап өтті.

Бенджамин Леонг елдер арасындағы мәдени-білім беру байланыстарын дамытуға ерекше қызығушылық танытып, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Қазіргі таңда ICCCM Қазақстандағы бірнеше жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуды көздеп отырғандығын айтты. Жоба аясында шетелдік ғалымдарды тарту, академиялық ұтқырлық, кәсіби тағылымдамалар мен жазғы мектептер сияқты бағыттар қарастырылған.

Ал, Zhanibekov University тарапынан университеттің мүдделері мен әлеуетті бағыттары таныстырылды. Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықтың нақты бағыттарын анықтап, бірлескен жобаларды пысықтау жөнінде уағдаласты.

Кездесу соңында құрметті қонақ университетке Сингапур мен Қытайдың мәдени нақышын бейнелейтін естелік сыйлықтарын табыстады.

 

Осыған ұқсас

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

18 Тамыз 2026, 13:30
Хабарландыру 17.08.2026

Хабарландыру 17.08.2026

17 Тамыз 2026, 19:08
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

14 Тамыз 2026, 13:32
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

11 Тамыз 2026, 13:34
ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 Тамыз 2026, 13:36
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

7 Тамыз 2026, 13:38
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

6 Тамыз 2026, 13:41
ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

6 Тамыз 2026, 11:42
Хабарландыру 05.08.2026

Хабарландыру 05.08.2026

5 Тамыз 2026, 21:38
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

4 Тамыз 2026, 13:43