ОҚПУ-да ОҚИТЫН ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Қыркүйек 2025, 12:17
Медиа Орталық
оқу ақысы, ай сайынғы стипендия, жатақхана, медициналық сақтандыруға арналған жеңілдіктер жасалған. Бүгінде Жәнібеков университетінде де осы және басқа да мүмкіндіктерді пайдаланып білім алып жүрген барлығы 180 шетел азаматы бар. Олардың басым көпшілігі Өзбекстаннан болса, Қытай, Үндістаннан келген білім алушылар да кездеседі.
Университетте осыған орай шетел азаматтарының қауіпсіздігі мен студенттер арасындағы қақтығыстардың алдын-алу бойынша кеңес өтті. Жиынға шетел азаматтары болып табылатын студенттер мен декандар, кафедра меңгерушілері қатысты.
Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек жастарға оқу орнындағы құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Университеттің “Мейірім” медициналық орталығының, психологиялық қолдау орталығының басшыларымен, сыбайластық әрекеті орын алған жағдайда арыз-шағымдармен айналысатын комплаенс-офицермен, заң бөлімінің басшысымен таныстырып, шешімін таппаған мәселелер бойынша жүгінуге болатынын хабарлады.
Тәрбие және жастар саясаты департаментінің директоры Қ. Анарбеков студенттер арасындағы қақтығыстардың алдын-алу, әлеуметтік желіні тиімді пайдалану бойынша түсіндірсе, жастар бөлімінің жетекшісі Нұргерім Нұрлан жатақхана жағдайы мен орындар саны, студенттердің орналасуы бойынша баяндама жасады.
Факультет декандарына жиын қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берген Баршагүл Қашқынқызы студенттерді мазалаған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, қаржылық пирамида құрығы мен алаяқтардың арбауынан және сыбайластық әрекеттерінен сақ болуға шақырды.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10