Kazakh National H-index Ranking ТОП-1000 - Иманбаев Нұрлан Сайрамұлы!
Білім беру жүйесін дамыту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру тұрғысынан рейтингтер мен олардың мойындалуы еліміз үшін ерекше маңызды. Әсіресе, Kazakh National H-index Ranking біздің университетіміз, факультетіміз және әсіресе математика кафедрамыз үшін аса маңызды әрі құнды.
2025 жылы профессор Иманбаев Нұрлан Сайрамұлы — әлемдік деңгейде қазақстандық математиканы танытып жүрген жетекші ғалымдардың бірі және Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінен Kazakh National H-index Ranking жаңартылған нәтижесі бойынша ТОП-1000 (785- орын) тізіміне енген жалғыз ғалым болды.
Kazakh National H-index Ranking (NHR) — Қазақстандағы ғалымдардың, зерттеу топтары мен ұйымдардың ғылыми өнімділігін бағалайтын тәуелсіз рейтинг. Бұл рейтинг Хирш индексіне (h-индекс) негізделген. Аталған индекс – ғалымның жарияланымдарының өнімділігі мен олардың ғылыми ортаға ықпалын сипаттайтын негізгі әрі беделді ғылыми-метрикалық көрсеткіштердің бірі.
National H-index Ranking – ғылыми зерттеулердің ұлттық контексттегі көрсеткіштерін өлшеуге бағытталған және нақты бір ел аясындағы салыстырмалы талдауға сүйенеді. Бұл рейтинг жүйесі қазіргі таңда көптеген елдерде ұйымдардың ғылыми ықпалын бағалау үшін қолданылып жүр.
Университет ұжымы бұл жетістікке мақтанышпен қарап, профессор Иманбаев Нұрлан Сайрамұлын кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, жаңа ғылыми жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейді!
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында