ЖАСТАРДЫ ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАНДЫРДЫ
18 September 2025, 15:25
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Этносаясатты түсіндіру» және «Ғаламтор —діни ұстаз емес» тақырыптарында кездесу өтті. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Қоғамдық келісім» КММ және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-мен бірлесіп ұйымдастырылған шарада жат ағымдардың арбауына ермеу, этносаралық ынтымақ пен татулық, өзара келісім мен бейбітшілік мәселелері түсіндірілді.
Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы Асан Әбдікәрімов, осы орталықтың ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің теолог маманы Амангелді Нұрдәулет, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласының мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұржан Әбдікәрімов бүгінде қоғамда орын алып жатқан келеңсіз оқиғалардан сақ болуды, ғаламтор желісінде кеңінен таралған діни уағыздарды терең талғаммен тыңдауды ескертті.
Жиында көрсетілген арнайы бейнеролик студенттердің танымын арттырды. Аталған көріністе деструктивті діни ағым мүшелерінің портреті жасалып, назарға ұсынылды. Жат пиғылдағы адамдардың сыртқы киім үлгісі, құлшылық жасаудағы айырмашылығы, араб сөздерін жиі қолдануы, тағы басқа ерекшеліктер арқылы өзге ағым жетегінде екенін ажыратуға болатыны талдап түсіндірілді. Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Этномедиация кеңесі төрағасының орынбасары, кәсіби медиатор Юлдузхан Каршибаева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Алайдар Мөлдір мекеме тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Кездесуді жүргізген университет Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек аталған мәселелер ұлттың тұтастығына, елдің бірлігіне сызат түсіретін жайт екенін ашып айтып, нақты өмірлік мысалдар арқылы жастардың көңілі мен көкейіне орнықтырды. Баршагүл Қашқынқызы студенттерді айналада болып жатқан келеңсіздіктерден сақ болумен қатар, оған бей-жай қарамауға шақырды.
— Егер де осы тақырыпқа қатысты мазалайтын сұрақтар болса университеттің Бас ғимаратындағы екінші қабат, 231-кабинетте Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің басшысы Қайрат Анарбаевқа, ал психологиялық көмек керек болса жатақхананың бірінші этажында орналасқан психологиялық орталық басшысы Гүлнар Айтжановаға жолығып, шешімін табуға болады, — деді ол.
Similar
МЕРИТОКРАТИЯ: БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ӨТТІ
10 September 2026, 15:49
АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
10 September 2026, 15:42
«ОТБАСЫ ҚҰРУҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
10 September 2026, 14:42
Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ – COURSERA ЖОБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ ҚАТАРЫНДА!
10 September 2026, 10:59
«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
9 September 2026, 16:36
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ
9 September 2026, 16:20
20 ЖАС ҒАЛЫМ РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
9 September 2026, 13:15
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
9 September 2026, 12:06
Конкурс. 07.09.2026
7 September 2026, 16:52
Хабарландыру 07.09.2026
7 September 2026, 15:07