«ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ КЕЗДЕСУ-СЕМИНАРЫ ӨТТІ
22 September 2025, 15:24
Медиа Орталық
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де жастар арасында отбасылық құндылықтарын нығайту, ажырасудың алдын алу бойынша кездесу-семинары өтті.
Іс-шараға университет студенттері мен оқытушылары қатысып, отбасы институтының маңыздылығы туралы пікір алмасты. Шымкент қалалық жастар кеңесінің мүшесі, «Кітап оқитын ұлт» жобасының кеңсе жетекшісі Ақан Бесбаев жастарға қарым-қатынастағы сенім мен түсіністіктің рөлі туралы айта келіп, аталмыш жоба туралы түсіндірді.
— Отбасы құндылығы — бұл отбасы мүшелерінің арасындағы сенім, махаббат, құрмет, жауапкершілік пен қолдау. Отбасы құндылықтары қоғамның негізі болып табылады, — дей келе: — Жоба халық арасында оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және жастар арасында сауатты әрі білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы ұлттық және отбасы құндылықтарын сақтауға арналады. Жобаға мектеп оқушылары, студенттер, педагогтар, ата-аналар, мемлекеттік қызметкерлер қатыса алады, —деген Ақан Сәбитұлы жобаның шарттарымен, байқаудың жүлде қоры мен қатысу ережелерімен таныстырды.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ психологиялық қолдау орталығының басшысы Гүлнар Айтжанова қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету және отбасы қарым-қатынастарындағы қиындықтарды жеңудің жолдары туралы кеңес берді. «Тәрбие — талбесіктен» демекші, біздің барлық іс-әрекетіміз бен ішкі мәдениетіміз отбасыда қалыптасады. Бүгінде университетте жастарға қолдау көрсету мақсатында 5 психолог маман жұмыс істейді, өздеріңізді толғандырған сауалдар мен мәселелер бойынша сіздерге көмек көрсетуге дайынбыз» деді Гүлнар Тұрмаханқызы.
Жиынды Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев қорытындылап, студенттерге тыңдау мәдениеті, қоршаған ортада өзін ұстау, ұлттық құндылықтар мен үлкенді сыйлау қағидаттары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинарды Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды.
Similar
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 March 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 March 2026, 13:15
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 March 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 March 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 March 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 March 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 March 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 March 2026, 10:53
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ЭТНОТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ ҚАНДАЙ?
27 February 2026, 18:58
Зейнеткерлер «Күміс» университетінде білім алуда
27 February 2026, 16:53