ZHANIBEKOV UNIVERSITY–не ТҮРКИЯНЫҢ ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНЕН РЕСМИ ДЕЛЕГАЦИЯ КЕЛДІ
24 Қыркүйек 2025, 15:30
Медиа Орталық
Бүгін Zhanibekov University–не Түркияның Гази университетінен филиалдың жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында ресми делегация келді. Делегация құрамында Гази университетінің Ректор—проф.др. Уур Үнал, Академиялық мәселелер бойынша проректор –проф.др.Неждет Хайта, педагогика факультетінің деканы —проф.др. Билал Гунеш, аппарат басшысы — Мурат Тунчбилек бар.
Түркиялық серіктес әріптестерді Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-Ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев бастаған ұжым қарсы алып, университет тынысымен таныстырды. Шетелдік қонақтар археологиялық орталықтың мамандары зерттеп, жасақтаған ежелгі дәуір мұралары арқылы қазақ халқының тарихына қанықты.
Ресми қабылдауда Әлібек Нұрбайұлы:
— Екі ел Президентінің келісімімен Гази университеті филиалының ашылуы біз үшін мәртебе және зор жауапкершілік. Түбіміз бір түркі халықтары болғандықтан, дәстүріміз бен дініміз де ортақ. Алдағы уақытта бірлескен жұмыстар нәтижесінде екі ел болашағы үшін бәсекеге қабілетті мықты мамандар даярлаймыз деп сенемін, —деді. Ал, Гази университетінің Ректор—проф.др. Уур Үнал:
— Біздің Анадолыдан келу мақсатымыз да осы. Бұған екі ел Президентінің достық қарым-қатынасы мен іскерлік келісімі үлкен қолдау береді. Бұл келісім қос мемлекеттің ЖОО саласында бұған дейін атқарған шараларының биік шыңы деуге болады. Алдағы уақытта даярланатын мамандықтар қатарын Сіздердің сұраныстарыңызға сай арттыратын боламыз, —деп, естелік кәдесыйды табыс етті.
Қазіргі таңда Қазақстан тарапынан филиалды Әділет органдарына тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Сапар аясында Филиал жұмысын реттейтін екі жақты келісім шартқа қол қойылды. Келісім шартта филиалға білімгер қабылдау тәртібі мен шарттары, олардың оқу үлгеріміне сай ауысу шарттары, филиалды басқару формасы, қаржыландыру тетіктері, инфрақұрылымын қамтамасыз ету, қызметкер алу және диплом беру сияқты негізгі мәселелер қамтылған. ҚР заңнамасына сай кейбір қосымша ережелер мен регламенттер қосымша дайындалуда.
Кездесуде сондай-ақ, материалдық – техникалық базаны, оқу кезеңдері, оқу жоспары, филиалға қатысты заңнамалық ережелерді талқылау болды. Ал, түстен кейін өткен ғылыми кеңес мәжілісінде Гази университетінің ректоры Уур Үналға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Құрметті профессоры атағы беріліп, ҚР ҒжЖБМ арнайы Алғыс хатымен марапатталды.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10