ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
23 Қыркүйек 2025, 17:51
Медиа Орталық
Жауаптылар өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттер бойынша жауап беріп, жер сiлкiнiсi қауiпi орын алған жағдайда әрбірі атқаратын жұмыстарды көрсетті. Ғимараттың 1-2 қабатынан адамдар толық шығарылып, алдын ала белгiленген қауiпсiз орындарға жеткізілді. Ал, 3-4 және одан жоғары қабаттағы адамдар ғимараттың қауiпсiз жерлерiнде қалды. Жеке құрамның ер азаматтары зардап шеккендерге көмек көрсетіп, қауiпсiз алаңға алып шықты. Адамның үстіндегі жанып жатқан киім қолда бар заттармен (кілемше, күртеше, кішігірім көрпені абайлап адамның үстіне лақтырып, жанып тұрған бөліктерді ауа жетпейтіндей етіп жауып тастап), өрт сөндіру құралдарымен өшірілді.
— Шымкент қаласы 7-8 баллдық сейсмикалық қауіпті аймақ болғандықтан ұйымдар мен мекемелерде дайындық жұмыстары тоқсан сайын жүргізіледі. Адамдар көп шоғырланатын мекеннің бірі университет болғандықтан, мұнда құрылымдық топтар құрылып, олардың іс-әрекеті, құтқару, барлау, медициналық көмек топтарының жұмысы пысықталып, біздің тараптан әдістемелік көмек көрсетеміз. Адамдар көбіне мұндай жағдайда ашық алаңқайлар мен алаңға шығуды, лифтіні қолданбау керегін білмейді. Жер сілкінісі кезінде адамдар ғимарат ішінде қалып қойса қабырғалардың бұрышын қалқан қылып немесе үстелдің астына тығылып, дүмпу аяқталған соң аспай, саспай сыртқа шығуы тиіс, — дейді басқарма офицері, капитан Арнат Ұланов.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10