ЖАСТАР ЖӘНІБЕКОВТІ БІЛЕ МЕ?
23 Қыркүйек 2025, 11:52
Медиа Орталық
ZHANIBEKOV UNIVERSITY–де мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің өмірімен, еңбектерімен студенттерді таныстыру шарасы басталды. «Жәнібековтану» бағытында қолға алынған шара аясында білім алушыларға университеттің Өзбекәлі Жәнібеков орталығының басшысы Эльмира Оразбаева баяндама жасады. Жастар бұдан кейін орталық жұмысы мен Өзбекәлі Жәнібековтің ұлттық құндылықтар туралы айтқан бейнебаянын және қоғам қайраткері туралы түсірілген «Өнегелі өмір» атты деректі фильмді тамашалады.
Оқу орнымызға 2023 жылғы 22 маусым күні Республикалық ономастикалық комиссия шешімімен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілді. Осы уақыттан бастап тұлғатану, «Жәнібековтану» бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асты. 2023 жылы Өзбекәлі Жәнібеков орталығы ашылып, университет ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды.
«Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының авторы Санжар Керімбаймен кездесу, «Рух сардары» атты республикалық жас ақындар айтысы, «Ұлт қайраткері – ұрпақ жадында» атты Өзбекәлі Жәнібековтің ұрпақтарымен кездесу, дәстүрлі «Жәнібеков оқулары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция, «Жәнібеков ізбасарлары» тақырыбында Өзбекәлі Жәнібековтің шәкірттерімен кездесу өткізілді.
Бүгінде студенттер мен көпшілік оқырман әлеуметтік желіде орталықтың парақшаларынан этнограф-ғалым туралы құнды мәліметтермен таныстырып, тұлғаның еңбектерін оқи алады.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10