«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ПАЙДАЛАНУ: ОАӨЭЫ ӨҢІРІ ҮШІН МАСШТАБТАЛАТЫН МОДЕЛЬ»
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық (ОАӨЭЫ, CAREC) институтымен бірлескен «Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллекті пайдалану: ОАӨЭЫ өңірі үшін масштабталатын модель» атты халықаралық іс-шара өтті.
Ғылыми жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Гүлжан Жарасова, CAREC
институты Әлеуетті арттыру жөніндегі маман Стивен Хао Лю, АҚШ, Стэнфорд
университеті, Жасанды интеллект саласының профессоры, LiveTech.AI компаниясының негізін қалаушысы
Юнес Бенсуда Мурри, Назарбаев Университеті, Смарт жүйелер және жасанды
интеллект институтының (ISSAI) бас директоры Хусейн Атакан Варол сияқты жасанды
интеллект және инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық және отандық
сарапшылар, CAREC өңірі университеттерінің ректорлары, проректорлары және
профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Жиын барысында ЖИ-дің бағдарламалау мен педагогикалық әдістемелерді
жетілдірудегі рөліне ерекше назар аударып, ЖИ технологияларын білім беру
үдерісіне енгізудің болашағы мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту
жолдары талқыланды.
Іс-шараның бірінші күні шетелдік университеттің инфрақұрылымымен танысты. Қонақ Өзбекәлі Жәнібеков орталығын, инклюзивті
аудиторияларды, кітапхананы және ғылыми көрмелерді аралап, университеттің
цифрлық және инклюзивті трансформация бағытындағы бастамаларына жоғары баға
берді. Чехия Республикасындағы Оломоуц университетінің профессоры, жасанды
интеллект саласындағы сарапшы Петр Шалоун жас ғалымдар мен докторанттарға
арналған «Қазіргі дәуірдегі Python бағдарламалауды оқыту: бұлттық және дәстүрлі
орта, бағдарламалауда және педагогикалық үрдістерде жасанды интеллектіні
қолдану» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.Семинар барысында профессор Python
тілінің қазіргі білім беру жүйесіндегі маңыздылығын атап өтіп, бұлттық
технологиялар мен дәстүрлі орта арасындағы айырмашылықтарды мысалдар арқылы
түсіндірді. Сонымен қатар, ЖИ-дің бағдарламалау мен педагогикалық әдістемелерді
жетілдірудегі рөліне ерекше назар аударды.
Семинар соңында ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің болашағы
мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды. Аталған шара — инклюзивті білім мен жасанды
интеллектті біріктіру арқылы ОАӨЭЫ өңірінде сапалы білімге тең қолжетімділікті
қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Жәнібеков университеті осындай
бастамалар арқылы аймақтық және жаһандық білім кеңістігінде инновациялық
көшбасшы ретінде танылуда.
(Жалғасы келесі жарияланымда)





Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында