УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ АРХЕОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ
Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев университеттің
Археология орталығының жұмысымен танысты.
Белгілі тарихшы Николай Подушкиннің
бастамасымен 1964 жылы ШПИ-дің археология отряды құрылған. Ал, 2007 жылдан
бастап университетіміздің фойесінде арнайы көрме жасақталды. Көрменің шыны
сөресіндегі жәдігерлер студенттерге, ұстаздар мен абитуриенттерге, қарапайым
қала тұрғындарына қол жетімді. Мұнда соңғы 61 жылда еліміздің оңтүстігінен
табылған жәдігерлер бар. Түркістан облысы аумағындағы археологиялық
ескерткіштерді кең көлемде республикалық, аудандық және ауыл тұрғындарына насихаттайды.
Жәдігерлер тас ғасырынан қарахан
кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Қыш ыдыстар, қару-жарақ, әшекей бұйымдар сол
заман адамдарының рухани дүниетанымының кеңдігімен ерекшеленген. Мұндағы
жәдігерлер республикалық музей экспозициясындағы бұйымдардан кем емес. Жылда
көрме витринасына өзгерістер енгізіледі және жәдігер қатары жаңарып, толығып
отырады. Оңтүстіктегі оқу орындары ішінде мұндай көрме-витрина әзірге жалғыз
біздің университетте жасақталған.
Университет жанынан құрылған Археология орталығының негізгі мақсаты қазба жұмыстарын жүргізу, студенттерді далалық қазба жұмыстарына баулу және қазбашыларды дайындап шығару. Әлібек Нұрбайұлы далалық маусымда табылған жәдігерлерді көріп, олардың қандай қолданыста болғандығынан ақпарат алды. Олардың қатарында айналар, қыш ыдыстар, ұршықбастар, тигельдер, тастан жасалған еңбек құралдары бар. Орталық жетекшісі Александр Подушкин лабораториялық жұмыстардың қалай жүргізілетіні туралы ақпарат берді.

Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында