ZHANIBEKOV UNIVERSITY – ӘЛЕМДІК QS ASIA UNIVERSITY RANKINGS — 2026 РЕЙТИНГІНДЕ!
ZHANIBEKOV UNIVERSITY әлемдік QS Asia University Rankings-2026 нәтижесі бойынша Азия университеттері арасында 1301–1400 орын және Орталық Азия бойынша ТОП-100 қатарына еніп, 71-орынды иеленді!
Аталмыш көрсеткішті 4 қарашада британдық QS Quacquarelli Symonds рейтинг агенттігі QS Asia University Rankings 2026 нәтижесінде жариялады. Бұл рейтингке 1500-ден астам жоғары оқу орны қатысқан болатын. ZHANIBEKOV UNIVERSITY осы жылы жаңа қатысушы (New Entrant) ретінде тіркеліп, халықаралық академиялық қауымдастықта өз орнын иеленді.
QS Asia University Rankings бағалау критерийлері
11 негізгі көрсеткіш бойынша бағаланды. Атап айтқанда, академиялық бедел (Academic Reputation), жұмыс берушілер арасындағы бедел (Employer Reputation), оқытушылар мен студенттер арақатынасы, ғылыми жарияланымдарға сілтеме жиілігі, әр оқытушыға шаққандағы мақалалар саны және халықаралық зерттеу желісі (International Research
Network). Сондай-ақ, шетелдік студенттер мен оқытушылардың үлесі, академиялық ұтқырлық, зерттеу белсенділігі, институционалдық бедел, сапалық даму индикаторлары бағаланды.
Бұл жетістік ZHANIBEKOV UNIVERSITY ұжымының қажырлы еңбегінің нәтижесі! Университеттің білім сапасын арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту және халықаралық серіктестікті кеңейту бағытындағы жүйелі жұмысының айғағы. Университет алдағы уақытта да QS және Times Higher Education (THE) сияқты беделді рейтингтерде жоғары нәтижелерге жетуді мақсат етеді.
Толық ақпарат: www.topuniversities.com/asia-university-rankings
Осыған ұқсас
UPGRADE КӘСІБИ КУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
«EDUCAMPSHYM» 10 КҮНДІК ОҚУ ЛАГЕРІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
КЕЗЕКТІ АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Хабарлама. 09.06.2026
ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ «ӘЛЕМ, АБАЙ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ БРИФИНГ ӨТТІ
«Өзбекәлі Жәнібеков — мәдениет майталманы» эссе байқауына қатысушылар марапатталды
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ
«ӨМІРІ ӨНЕГЕ ҰСТАЗ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
