"ӘР КЕЙІПКЕР - БІР ТАҒДЫР" АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ
14 Қараша 2025, 10:18
Медиа Орталық
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жанынан университет студенттерінен құрылған «Алқа» әдеби бірлестігінің шығармашылық кеші өтті. «Әр кейіпкер — бір тағдыр» деп аталған кеште өлеңсүйер жүректер әдемі сезімдерін жырмен әдіптеп, әсерлі музыкалық композиция ұсынды.
Жас ақындар қазақ әдебиетінің көрнекті шығармаларын жатқа оқып қана қоймай, өздерінің қанатқақты туындыларын да танытты. Гитараның сүйемелдеуімен жанды дауыста ән шырқап, көрерменге көңіл-күй сыйлады. Нұрасыл Сералиев, Жанерке Елемес, Жансая Ынтықбай, Айкөркем Мақсатқызы, Қарақат Берік, Жанболат Кеңесбеков, Гүлжайнат Бердіқұл, Айдина Асан, Қуаныш Амангелді сияқты жастар өлең мен әуенді бір арнаға тоғыстырды.
Ойы терең, сезімі бай студенттерді жақсылыққа жетелеп жүрген ұстазы, әдеби клуб жетекшісі — филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Қарлығаш Сапарбаева. Әдеби кешке Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қатысып, шығармашылық шабыт тіледі. «Өлең сезімдерді тануға, түсінуге және оны сауатты жеткізуге үйретеді. Өлең жазатын немесе оқитын адам әрқашан қиялға ерік береді, жаңа идея табуға бейім болады. Бұл өте маңызды қасиет. Сондықтан біз шығармашыл жастарды әрқашан қолдаймыз» деді Әлібек Нұрбайұлы.


Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10