Zhanibekov university logo

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де ЮНИСЕФ-тің ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ХАБЫ АШЫЛДЫ!

21 Қараша 2025, 10:55
Медиа Орталық


Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да ЮНИСЕФ-тің қолдауымен республика бойынша тұңғыш рет «ЮНИСЕФ жастары» еріктілер хабы ашылды. Аталмыш жоба ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында жүзеге асуда. «ЮНИСЕФ Жастары» — балалар мен жастардың құқықтарын, білім беру, экология және ақпарат саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.

 

Бұл хаб жастардың білім алуы мен әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруына, волонтерлік жобаларға қатысуға және медиаконтент жасауға мүмкіндік беретін тұрақты алаң болмақ. Университет жастары бүгінде әлеуметтік жобаларға белсене араласып, өңірдегі еріктілер ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық орнатып, қоғамға үлес қосуда.

 

Салтанатты ашылуда университет Басқарма мүшесі—Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жанбол Жылбаев құттықтау сөз сөйлеп, қос тарап ынтымақтастық меморандум құжаттарына қол қойды. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдік басшысы, доктор Рашед Мұстафа Сардар, жастарды тарту жөніндегі маманы Ерсайын Қабдрашов ұйымның атқарып жатқан жұмыстары мен бағыты, мақсаты туралы түсінік берді. Адам құқықтарын қорғау бойынша Шымкент қаласының экс-омбудсмені Жаннета Жазықбаева балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесіне қатысты нақты деректерді сөйлетіп, ұйымның атқаратын рөлін жастарға кеңінен түсіндірді. Жиынды ЮНИСЕФ-тің Шымкент қаласындағы жастарды тарту жөніндегі үйлестіруші Данара Саранаова жүргізді.

 

ЮНИСЕФ – балалардың құқықтарын қорғауға, олардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған халықаралық ұйым. Негізгі жұмысы балаларға онлайн платформалар арқылы білім алуға қолжетімділікті арттыру, балаларды зорлық-зомбылықтан, кедейліктен қорғауға, денсаулық сақтау және вакцинация көмегін көрсетуге бағытталған. Бүгінде бұл ұйым әлемнің 190-нан астам елінде жұмыс істейді және балалардың өмірін жақсарту үшін үкіметтермен, ҮЕҰ-лармен және қоғамдастықтармен серіктестік орнатады. Шымкент жастары үшін ЮНИСЕФ — көшбасшылық, цифрлық дағдыларды жетілдіруге, өз идеяларын жүзеге асыруға, қоғамға әсер етуге, оның ішінде инклюзивті қоғам құруға және халықаралық деңгейдегі тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бермек.

 


Осыған ұқсас

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

18 Тамыз 2026, 13:30
Хабарландыру 17.08.2026

Хабарландыру 17.08.2026

17 Тамыз 2026, 19:08
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

14 Тамыз 2026, 13:32
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

11 Тамыз 2026, 13:34
ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 Тамыз 2026, 13:36
УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

7 Тамыз 2026, 13:38
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

6 Тамыз 2026, 13:41
ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

6 Тамыз 2026, 11:42
Хабарландыру 05.08.2026

Хабарландыру 05.08.2026

5 Тамыз 2026, 21:38
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

4 Тамыз 2026, 13:43