ЕЛ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК
2025 жылғы 15 желтоқсан күні Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Қазақстан» залында еліміздің ең қастерлі мерекесі — Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының кіргізілу рәсімімен басталып, Мемлекеттік Әнұранның асқақ үні көрерменді бірлік пен елдік рухқа бөледі. Кештің көркемдік мазмұнын «Тұмар» би ансамблінің әсерлі қойылымы толықтырды.
Мерекелік кеш барысында университеттің
Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев құттықтау сөз
сөйлеп, Тәуелсіздіктің ұлт тағдырындағы тарихи маңызына тоқталды:
«Тәуелсіздік – ата-бабамыздың сан
ғасырлық арманы, бүгінгі ұрпақтың баға жетпес бақыты. Білім мен тәрбиені
ұштастыра отырып, ел болашағына қызмет ететін жас ұрпақты тәрбиелеу – біздің
басты міндетіміз. Осындай рухани шаралар жастардың бойына отансүйгіштік пен
елдік сананы сіңіреді», – деп атап өтті ректор.
Кеш барысында марапаттау рәсімі
ұйымдастырылып, еңбекте жетістікке жеткен оқытушы-профессорлар қауымы мен
университет қызметкерлері құрметке бөленді. Концерттік бағдарлама «Ауыл кеші»
мизансценасымен жалғасып, ұлттық өнердің сан қырын паш етті.
Мерекелік концертте “Молдабайдың әнін”
«Ынта — 2025» байқауының бас жүлде иегері Сұлтан Айтжан орындап, Домбыра
үйірмесі жетекшілерінің күй тартысы, «Туған ел», «Текті қазақ», «Қазағымай»
секілді жүрекке жылы әндер орындалып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Кештің
шарықтау шегі «Мен қазақпын» әнімен жалғасып, барша қатысушыларды ұлттық рух
пен мақтаныш сезіміне бөледі. Мерекелік шара Тәуелсіздікті ұлықтаған, елге
деген сүйіспеншілікті арттырған тағылымды рухани кеш болды.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз баянды болсын!


Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында