«АЛИАР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫМЕН КЕЛІСІМ ҚҰЖАТЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Педагогикалық жоғары оқу орындарының
білім беру мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істеуі теория мен тәжірибені
ұштастыруға, білім беру сапасын арттыруға және нақты мектеп өміріне бейімделген
педагогтар даярлауға мүмкіндік береді.
Осы мақсатта кеше Zhanibekov University
мен “Алиар” халықаралық академиясы әріптестік қатынасқа арналған меморандум
құжатына қол қойылды.
— Академиямен біздің университет
арасындағы тәжірибе алмасу жұмыстары 5 жыл бұрын басталған. Бүгін сол
ынтымақтастықты қағаз жүзінде рәсімдеудеміз. Біздің студенттер бұл орталықта
қазірдің өзінде оқыту әдістерін қолданып, сыныппен жұмыс жүргізіп, оқушылармен
қарым-қатынас орнатуда. Университетте алынған теориялық білімді мектеп
жағдайында қолданып, студенттер тютер болу арқылы педагогикалық шеберліктерін
дамытуда. Ал бүгінгі біздің мақсат осындай мектептерді стейкхолдер ретінде
болашақ түлектеріміздің жұмысқа орналасуына да ықпал ету, - деді университет
Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева.
Академия директоры Гүлнара Үсенова: “ЖОО
мен мектеп арасындағы тиімді байланыс — заманауи, бәсекеге қабілетті, кәсіби
құзыретті мұғалімдерді даярлаудың кілті. Бұл байланыс екі тарап үшін де
пайдалы: ЖОО білім сапасын арттырады, ал мектептер білікті мамандармен
қамтамасыз етіледі” деп атап өтті. Айта кетелік “Алиар” халықаралық академиясының
оқушылары «Юсмас» ментальді арифметика бойынша өткен әлемдегі 87 елдер
арасындағы онлайн чемпионатта алтын медаль иеленген үздік білім беру ұйымы.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында