ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГІ — ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ!
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Денешынықтыру және спорт факультетінің студенті Жасұлан Бердалы ҚР Бокс Федерациясының кубогін жеңіп алды. Былғары қолғап жеңімпаздарын анықтауға арналған ел чемпионаты Астана қаласында өтті. Айтулы додада Жасұлан 75 кг салмақта бақ сынасып, өзіне қарсылас шақ келтірмеді. Тағы бір қуанышты жаңалық, Жасұланға спорттың бокс түрінен спорт шебері атағы берілді.
Жеңімпаз бұл жарысқа Шымкент қаласында кіл мықтының арасынан іріктеліп
қатысқанын айта кетейік. «Негізінде ел чемпионатында
қарағандылықтар мен астаналықтар бізге мықты қарсылас болды. Сайыста соққы
алып, қабағым жарылды. Әйтсе де айқын басымдықпен бәсім биік болып тұрған соң
төрешілер мені жеңіске лайық деп тапты» дейді ол.
Жасұлан Нұрболұлы 18 жаста, Шымкент қаласында тұрады. Боксқа 10 жасынан бастап қатысатын ол 8 жыл ішінде тамаша жетістіктерді бағындырған. Атап айтқанда, 4 дүркін Қазақстан чемпионы, 2 дүркін Азия ойындарының финалисті, сондай-ақ, Шри Ланка Әлем кубогінің жеңімпазы және Черногория мемлекетінің спорт шебері атағын иеленген.

Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында