«АҚБАЯН» СӘН ТЕАТРЫНА — 15 ЖЫЛ!
22 Сәуір 2025, 12:00
Медиа Орталық
Zhanibekov University-де «Мұра» ұлттық шығармашылық орталығы жанынан құрылған «Ақбаян» сән театрының 15 жылдығына арналған «Сиқырлы сән әлемі» атты шара өтті. Үйірме бүгінде халықаралық деңгейдегі белгілі дизайнер Марат Ерімбетовтің жетекшілігімен жұмыс істейді.
«Ақбаян» сән театры осыдан 15 жыл бұрын Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Тігін» және «Дефиле» үйірмелері бірлестігі негізінде құрылған болатын. Осы уақыт аралығында аталмыш шығармашылық ұжым қазақтың ұлттық сән және тігін өнерін әлемге паш етіп келеді. Атап айтқанда, Түркияда, Мәскеуде, Ташкентте, тағы басқа шет мемлекеттерде өткен халықаралық байқауларда тек бас жүлдемен оралып, Шымкент қаласында өтетін дәстүрлі республикалық сән байқауында 4 жыл қатарынан үздіксіз бас жүлдені қолдан бермей келеді.
Шығармашылық кештің шымылдығын университет Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек құттықтау сөзбен ашып, аталмыш оқу орнының ұлттық өнер түрлеріне жанашырлығы мен қолдауына және шығармашылық ұжымның жетістіктеріне тоқталды. Шығармашылық кеш жай ғана сән көрсетілімі емес, жастардың қолынан шыққан тігін өнері, қазақы нақышпен көмкерілген көркем туындылар көрінісіне айналды.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
19 Қазан 2026, 15:23
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
16 Қазан 2026, 10:00
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
12 Қазан 2026, 18:37
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
9 Қазан 2026, 10:30
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7 Қазан 2026, 16:21
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
6 Қазан 2026, 14:28
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
5 Қазан 2026, 18:41
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
5 Қазан 2026, 12:58
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
5 Қазан 2026, 09:57
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
2 Қазан 2026, 16:10