«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Буллинг пен сталкинг: үнсіз зорлықтың қауіпті түрлері» тақырыбында ашық дәріс өткізілді. Ашық дәрістің негізгі мақсаты қоғамда кездесетін буллинг пен сталкинг ұғымдарының мәнін ашу, олардың қауіпті салдары мен алдын алу жолдарын түсіндіру болды.
Ашық дәрісті университет доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева жүргізіп, кіріспе сөзінде буллинг пен сталкингтің қазіргі қоғамдағы өзектілігіне тоқталды. Бұл құбылыстардың адамның психологиялық күйіне және әлеуметтік ортаға тигізетін кері әсерін атап өтті.
Шара аясында Шымкент қаласы әкімінің әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі кеңесшісі Баян Жандосова және Шымкент қаласы бойынша «Әйелдер күштері Альянсі» ЗТБ төрайымы, «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорының президенті Жаннета Жазықбаева сөз сөйлеп, сталкингтің жеке өмірге қол сұғу, қауіпті әрі қылмыстық сипат екендігін жан-жақты түсіндіріп, жеке тәжірибелеріндегі нақты мысалдармен, қоғамда орын алып жатқан келеңсіз оқиғаларды айта отырып, жас ұрпақты қатерден сақтандырды. Мұндай оқиғаға душар болғанда не істеу керектігі туралы ақпараттармен, арнайы орталықтардың байланыс құралдарымен бөлісті. Ал, психолог Ақзер Орын буллинг пен сталкингке ұшыраған адамдарға көрсетілетін психологиялық көмек пен алдын алу жолдары туралы айтып өтті. Дәріс барысында бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға мәселені тереңірек ұғынуға мүмкіндік берілді.Университеттің психологиялық қолдау орталығының басшысы Г.Айтжанова буллинг пен сталкингтің түрлері, белгілері және олардың психологиялық салдары жөнінде студенттерге пайдалы ақпарат берді.
Бүгінде университет жанынан студент қыздарды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеуге, құқықтық және жан-жақты сауаттылығын арттыруға арналған Аналар мектебі жұмыс істейді. Ашық дәріс болашақ ұлт ұстаздары үшін әлеуметтік және психологиялық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың үнсіз түрлеріне бейжай қарамауға, оны дер кезінде анықтап, алдын алуға бағытталған маңызды кездесу.
Осыған ұқсас
«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Конкурс. 07.09.2026
Хабарландыру 07.09.2026
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті КЕАҚ-тың Университет грантын беру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 24 тамыздағы хаттамалық шешімі негізінде Университет грантының иегерлерінің тізімі
ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ