«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының басшылығымен іскерлік кездесу өтті. Кездесуге университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев, Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жанбол Жылбаев, Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек, сондай-ақ «Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалының директоры Меруерт Медетбекова мен директордың орынбасары А. Фазлаева қатысты.
Іскерлік кездесу 2025–2029 жылдарға арналған «Өрлеу» ҰБАО» АҚ Даму стратегиясын іске асыру жоспарының «Мектептерді сараланған қолдау» стратегиялық бағыты аясында ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби даярлығын бағалауға бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асыру. Аталған бастама «Келешек мектептері» жобасы үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыруға, жоғары оқу орнындағы даярлық пен мектептегі кәсіби дамудың сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар кездесу барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ағартушы педагог» моделін іске асыру мәселелері талқыланды. 2025 жылдың сәуір–маусым айларында университет түлектерінің кәсіби даярлығын бағалау бойынша пилоттық кезең іске асырылды. Кездесу аясында жас педагогтер мен зерттеушілердің әлеуетін арттыруға бағытталған ғылыми гранттық жобаларға қатысу, сондай-ақ университет пен «Өрлеу» институты арасындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері де қарастырылды.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында