Zhanibekov university logo

95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

11 Ақпан 2026, 12:40
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да қоғам қайраткері, этнограф-ғалым, ұлт жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына орай «Өзбекәлі Жәнібеков – ұлт мәдениетін ұлықтаған тұлға» тақырыбында тағылымды шара өтті. Рух сардарының туғанына 95 жыл толуына арналған жиынға университеттің Басқарма төрағасы – Ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев, профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар мен қонақтар қатысты.

Іс-шара аясында “Шаңырақ” ғимаратының фойесінде қолөнер бұйымдары, фотосуреттер мен ұлттық аспаптардан құралған арнайы көрме ұйымдастырылып, LED экраннан арнайы бейнефильм көрсетілді.

Жиында университет басшысы Әлібек Нұртаев құттықтау сөз сөйлеп, тұлғаның ұлт руханиятына қосқан өлшеусіз еңбегіне тоқталды.

— Өзбекәлі Жәнібеков — қазақ халқының мәдени мұрасын жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосқан, ұлттық құндылықтарды қайта түлеткен тарихи тұлға. Ол — ұлттың жоғын түгендеп, барын бағалауға үндеген қайраткер. Тәуелсіздікке дейінгі кезеңнің өзінде ұлттық салт-дәстүрді, тіл мен ділді, өнер мен рухты сақтап қалу жолында табанды еңбек етті.

Оның бастамасымен көптеген тарихи-мәдени ескерткіштер қалпына келтіріліп, ұлттық музей ісі, қолөнер мен этнография саласы жаңа деңгейге көтерілді. Наурыз мерекесінің қайта жаңғыруы да — ерен еңбегінің бір көрінісі.

Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы — отансүйгіштіктің, парасаттылықтың, елге адал қызмет етудің үлгісі. Оның «ұлт мәдениеті — ұлттың жаны» деген ұстанымы бүгінгі жас ұрпақ үшін де өзекті.

Біздің университетіміздің оның есімімен аталуы – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Бүгінгі тағылымды іс-шара – ұлы тұлғаның еңбегін ұлықтау ғана емес, оның идеяларын жалғастыруға деген құрметіміздің белгісі. Өзбекәлі Жәнібековтің рухын әрдайым ұрпақ жадында жаңғырту үшін тұлғаның туғанына 95 жыл толуына орай университетімізде бүгіннен бастап 95 іс-шара өткізу бастамасы қолға алынды, бұл бастама жыл соңына дейін жалғасады, — деді Әлібек Нұрбайұлы.

Сонымен қатар айтыс үйірмесінің жетекшісі, айтыскер ақын Нұрғали Әнапия арнау айтты. Студенттер Күләш Ахметованың «Адалдық», Серік Сейітманның «Қазақ рухының қара нары», Фариза Оңғарсынованың «Әулиедей ұлын ел елейді» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып, Өзбекәлі Жәнібеков туралы естеліктер ұсынылды. Өнер және білім факультетінің білім алушылары Мұхтар Шахановтың сөзіне, Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған «Арқалықтың ақ таңы» әнін орындап, халық әндерінен шеру ұсынды.

Тағылымды жиын ұлт мәдениетін ұлықтаған біртуар тұлғаның өнегелі өмірі мен еңбегін дәріптеуге арналды.

Осыған ұқсас

«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

9 Қыркүйек 2026, 16:36
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ

9 Қыркүйек 2026, 16:20
Конкурс. 07.09.2026

Конкурс. 07.09.2026

7 Қыркүйек 2026, 16:52
Хабарландыру 07.09.2026

Хабарландыру 07.09.2026

7 Қыркүйек 2026, 15:07
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

1 Қыркүйек 2026, 13:44
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті КЕАҚ-тың Университет грантын беру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 24 тамыздағы хаттамалық шешімі негізінде Университет грантының иегерлерінің тізімі

28 Тамыз 2026, 15:48
ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

28 Тамыз 2026, 12:33
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ –  ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

28 Тамыз 2026, 09:19
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27 Тамыз 2026, 14:06
ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

26 Тамыз 2026, 16:18