ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Конституциялық реформа: қоғамдық диалог және Президенттің жаңа бастамалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында конституциялық реформаның мәні мен маңызы кеңінен талқыланып, Мемлекет басшысының бастамалары аясында жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғырту үдерістері түсіндірілді. Басқосуда филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гаухар Сыздықова «Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы мен жаңа Конституция жобасының институтционалдық және құқықтық трансформациясы: баптық салыстырмалы талдау» тақырыбында, магистр-аға оқытушы Ақмарал Байдлаева «ЖИ бізден көп білетін заманда адамның білімдегі ролі қалай өзгереді? (2026 жылғы коституциялық реформалар контексінде)» тақырыбында баяндама оқыды.
Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Жарыссөзге шыққан «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті Қайрат Анарбаев, профессор Дариха Бекманова, доцент Әбдіжаппар Тұрашбековтер конституциялық реформалардың нәтижесінде елімізде биліктің жаңа моделі қалыптасқалы отырғанын және саяси ұстанымы берік елдің қай кезде де көші түзу болатынын айтты. Конституцияға өзгеріс енгізу қоғам дамуының қажеттілігінен туындап отырған маңызды қадам деп бағалады.
Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында