Zhanibekov university logo

«Күй күмбірі» — Жәнібеков рухына тағзым

16 Ақпан 2026, 14:30
Медиа Орталық

Бүгін университетте Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған «Күй күмбірі» атты мәдени-шығармашылық іс-шара өтті. Музыкалық танымдық шараны «Мұра» ұлттық шығармашылық орталығының «Домбыра» үйірмесі ұйымдастырды. «Шаңырақ» ғимараты ұлттық нақышта безендіріліп, кеш қонақтарына ерекше әсер сыйлады.

Шараны Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек ашып, қазақ күй өнерінің мұрасын насихаттауда Өзбекәлі Жәнібековтің сіңірген еңбегі туралы жастарға танымдық ақпарат берді. Этнограф Өзбекәлі Жәнібеков «Адырна», «Шертер», «Сазген» фольклорлық ансамбльдерін ұйымдастырған. „Шертер" – қазақтың көне әуез аспаптарынан құралған, кейіннен ұйымдастырылған „Ғасырлар пернесі", „Сазген", „Адырна" халық аспаптары ансамбльдерінің, „Отырар сазы" оркестрінің ізашары болған түңғыш шығармашыл ұжым болды. Ансамбльдің негізін пошымы мен дыбыс ерекшеліктеріне қарай өзгешеленетін, төкпе күй орындауға бейімделген – адай, шертпе күй тартуға ыңғайлы – семей, іліп-қақпайды нақышына келтіретін торғай домбыралары, көне заманғы шертер, қылқобыз құраған. Оларға жетіген, шаңғауыз, үшкірік, дабыл, даңғыра, асатаяқ, қосылып, соңғы кезде ұмытыла бастаған халық әуендері – «Бозіңген», «Арвян қоңыр», «Ой толқыны»,  «Желдірме», «Кеңес ×5 күйін» орындағанда, тамылжыған сазды үні көпшілікті еліткен.

Кеш шымылдығы «Домбыра» үйірмесінің жетекшілері Нышан Әліби, Данияр МәдібековтіңМәдібековтіңйрындауындағы бірнеше сазды, рухты күйлермен ашылды. Өнерпазддар тек күй тартып қана қоймай, оның шығу тарихын баяндау арқылы жастарды қызықтыра түсті. Аспаптап жасау үйірмесінің жетекшісі Самат Өтеболатов Кенен Әзірбаевтің нақыл-өсиет термелерін орындады. Әсем сазды басқосу еркін форматта ұласып, күй өнерінің құдіреті тербеген домбырашы жастар көрермендер арасынан да табылып, өнер көрсетті. Ал, Өнер және білім факультетінің деканы Айдайқыз Байбатшаеваның студенттер мен мектеп оқушыларының домбыра арқылы байланысын әспеттеген әсерлі әңгімесі көпшілікке ой салды. Іс-шараны жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Нұргерім Нұрлан жүргізді.

Осыған ұқсас

«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

9 Қыркүйек 2026, 16:36
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ

9 Қыркүйек 2026, 16:20
Конкурс. 07.09.2026

Конкурс. 07.09.2026

7 Қыркүйек 2026, 16:52
Хабарландыру 07.09.2026

Хабарландыру 07.09.2026

7 Қыркүйек 2026, 15:07
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

1 Қыркүйек 2026, 13:44
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті КЕАҚ-тың Университет грантын беру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 24 тамыздағы хаттамалық шешімі негізінде Университет грантының иегерлерінің тізімі

28 Тамыз 2026, 15:48
ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

28 Тамыз 2026, 12:33
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ –  ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

28 Тамыз 2026, 09:19
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27 Тамыз 2026, 14:06
ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ

26 Тамыз 2026, 16:18