ӘСКЕРИ КАФЕДРА ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ жанындағы әскери кафедра Шымкенттегі оқу орындары студенттеріне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Әскери дайындық және патриоттық тәрбие орталығының басшысы Қайрат Балғабеков пен запастағы подполковник, басшы орынбасары запастағы майор Бағдат Ақбаев әскери кафедрада оқудың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы түсіндірді.
— Әскери кафедрада оқу студентке тек қосымша пән емес, болашаққа нақты мүмкіндік. Оқуды аяқтағаннан кейін студентке запастағы офицер немесе сержант әскери атағы беріледі. Бұл Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жүйесіне кірудің бір жолы. Кей жағдайда әскери кафедраны бітіргендер мерзімді әскери қызметке шақырылмайды немесе жеңілдетілген тәртіппен есепке алынады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарда, құқық қорғау құрылымдарында, әскери өндіріс саласында жұмысқа орналасуға артықшылық береді, — дейді кафедра оқытушылары.
Кездесу Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ-да, Мирас университетінде өтті. Кәсіби бағдар жұмыстары алдағы уақытта басқа да оқу орындарында жалғаспақ. Айта кетелік, университет жанындағы әскери кафедраға оқуға қабылдау 2-ақпаннан басталды. Құжат қабылдау «Достық» шағынауданы, 3/1 ғимарат мекен-жайында 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында