ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫ ҚАЛАЙ ДАЯРЛАП ЖҮРМІЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ ҚАНДАЙ?
Университет қабырғасында Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына арналған іс-шаралар жалғасуда. Аталған шаралар бірінен-бірі асып түсердей мазмұнды өтуде.
Мәселен, бүгін Өзбекәлі Жәнібеков орталығында өткен «Әлеуметтік педагогика: практика мен теория арасындағы байланыс» ғылыми-практикалық семинарына қатысушылар жоғарыдағы сұрақтарға жауап іздеді.
Әлеуметтік педагогтарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған іс-шараның негізгі мақсаты — білім беру бағдарламасының еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін талқылау, жұмыс берушілердің ұсыныстарын жинақтау және аккредитациялау талаптарын сапалы орындау. Бұл туралы ұйымдастырушы, педагогика кафедрасының меңгерушісі Әсия Оразова қатысушыларға түсіндірді. Ал, Өрлеу БАҰО АҚ Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының директоры Меруерт Медетбекова әлеуметтік педагогтің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы кәсіби құзыреттіліктеріне тоқталып, тәрбие жұмысының стратегиялық маңызын атап өтті.
Жиында Шымкент қаласындағы бірнеше мектеп директорлары әлеуметтік-педагогикалық қызметтің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарын ортаға салды. З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі директоры Жанар Тойлыбаева, Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейі директоры Жанар Нысанбаева заманауи әлеуметтік педагогке қойылатын талаптарды нақтылап, цифрлық ортада жұмыс істеу құзыреттілігінің маңызын атап өтті. Н.Төреқұлов атындағы №62 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Әлия Бимұратова білім беру бағдарламасының практикалық аспектілеріне жұмыс беруші көзқарасы тұрғысынан баға берді.
Семинарды университет Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек қорытындылап, білім беру бағдарламасын жетілдіру бағытындағы алдағы қадамдар нақтыланды. Университет пен мектептегі жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы ортақ келісім жасалды.

Осыған ұқсас
ХАБАРЛАНДЫРУ 19.10.2026
ҮНДІСТАНДЫҚ ҒАЛЫММЕН СҰХБАТ: «ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЭТИКА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК»
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында